Мақсары майын өңдіруге арналған пресс жабдығын жобалау және есептеу
Қаралымдар: 147 / PDF жүктеулері: 176
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-142-1-74-88Кілт сөздер:
жабдық, пресс, шнек, қысым реттегіш, сығу, мақсары, өсімдік майыАңдатпа
Соңғы кезде мақсары өнімдеріне деген сұраныс жылдан жылға өсуде, оған егістік алқаптарының артуы мен мақсары майын тұтынушылар арасындағы танымалдылығы. Себебі мақсары майының адам денсаулығына пайдалы жақтары өте жоғары.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінде мақсары майын өндірудің престеу жабдығы қарастырылды. Престеу қысымдарының айырмасын реттеуді шнек пен зеерлі цилиндр арасындағы саңылаулардың көмегімен іске асыру әдістемесі берілген. Осы кездегі пресс жабдығына сапалық және сандық сипаттамаларын беретін математикалық және номограммалық модель ұсынылады. Қазіргі әлемде және Қазақстан Республикасында жүргізілген зерттеулерге әдеби шолулар көрсеткендей пресс жабдығының оның ішінде шнек жабдығының қазіргі аналогтардан қағидаттық сипаттағы айырмашылықтары мен ерекшеліктеріне тоқталсақ. Қай салада болмасын шнек құрылғысы бірнеше функцияларды бір мезетте және үздіксіз атқаратындықтан кең қолданыстағы бірегей жұмыс құралы болып табылады. Сондықтан да шнек құрылғысын оның ішінде престеуші шнек құрылғысына математикалық сипат беру өтте күрделі болғандықтан әдеби шолудағы барлық еңбектерде өздерінің мақсаттық ерекшеліктеріне байланысты жекелеген шешімдермен шектелген. Яғни, қысымды реттеудің біз ұсынып отырған әдістемесіне қолдана алмаймыз. Біздің жұмыстың ерекшелігі престеуші шнек пен зеерлі цилиндрдің геометриялық конструкциясы мен шикізаттың құрылымдық-механикалық қасиеттерін ескере отырып оңтайлы қысымдар айырмасы пен өнімділікті таңдап алуға мүмкіндік беретін математикалық қана емес сонымен бірге номограммалық модельдеудің жүйесін ұсынамыз.