Термофрикционды фрезерлеудің әртүрлі әдістерімен өңдеу кезінде балқымаланған беттің қаттылығын тәжірибелік зерттеу
Қаралымдар: 98 / PDF жүктеулері: 124
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2022-139-2-62-71Кілт сөздер:
термофрикциондық фрезерлеу, импульстік салқындату, қаттылық, жабын материалы, тозу, жөндеуАңдатпа
Мақалада өңдеуден кейін балқымаланған беттердің қаттылығын қамтамасыз ету мәселесін шешуге бағытталған зерттеу нәтижелері берілген. Механикалық өңдеу ретінде термофрикционды фрезерлеудің екі әдісі ұсынылады – дәстүрлі термофрикционды фрезерлеу және импульстік салқындатумен термофрикционды фрезерлеу.
Эксперименттік зерттеулер жүргізу үшін экспериментті жоспарлау жүргізілді және қажетті эксперименттер саны анықталды. Өңдеу үшін «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) өндірісінде қолданылатын жабын материалымен балқымаланған қабатқа ие арнайы үлгілер дайындады. Эксперименттік зерттеулердің нәтижелері термофрикционды фрезерлеудің екі әдісі де балқымаланған беттің қаттылығының жоғарылауын қамтамасыз ететінін көрсетті.
Фрезерлеу режимдерінің өңделген беттің қаттылығына әсері де зерттелді. Өңделген беттің бастапқы қаттылығын арттыруды қамтамасыз ететін фрезерлеу режимдерінің оңтайлы мәндері белгіленді.