Сапа көрсеткіштерін анықтайтын стандарттау құралдары


Қаралымдар: 305 / PDF жүктеулері: 231

Авторлар

  • Г.К. Каримова НАО "Казахский агротехнический университет им. С. Сейфуллина""
  • Р.К. Ниязбекова
  • Ж.К. Даниярова

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-145-4-111-123

Кілт сөздер:

Стандарттау, мемлекетаралық стандарттар, техникалық регламенттер, сапа көрсеткіштері, макарон өнімдері, тары

Аңдатпа

Макарон өнімдері бүкіл әлемде тұтынылатын өнімдердің бірі болып табылады, осыған байланысты технологияларды жетілдіру және сапа көрсеткіштерін жақсарту саласында зерттеулер жүргізу өте өзекті болып табылады. Кәсіпорындарда өнімнің технологиялық қасиеттері үнемі тексеріліп отырады, өйткені сапаны бақылау мен сапа жүйесіне байланысты проблемалар бар.

Макарон өнімдерін өндіруде көптеген технологиялар бар, оларға сәйкес әртүрлі тағамдық қоспаларды пайдалану көзделеді, олар өз кезегінде бақылауда болуы және заңнамалық талаптарға, ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының техникалық регламенттеріне, стандарттарға сәйкес келуі тиіс.

Мақалада тары қосылған макарон өнімдерінің сапа көрсеткіштерін анықтайтын стандарттау құралдары қарастырылады. Сапа көрсеткіштері                 ГОСТ 31743-2017 «Макарон өнімдері. Жалпы техникалық шарттар» (бұдан әрі-МЕМСТ 31743-2017), КО ТР 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» қауіпсіздік көрсеткіштері.

ГОСТ 31743-2017 сәйкес макарон өнімдерінің сапа көрсеткіштерінің бірі «ылғалдылық» болып табылады. Ылғалдылықтың жоғарылауы тығыздалған қамырдағы ұн бөлшектерін қоршап тұрған сольват қабықшаларының қалыңдығының артуына, яғни қамырдың когезиялық беріктігінің төмендеуіне әкеледі.

Зерттеу «ылғалдылық» көрсеткішіне әсер ететін факторларды анықтайды. Парето диаграммасы, рентген-флуоресцентті анализатор, математикалық модель және себеп-салдар диаграммасы қолданылды.

Стандарттау құралдарын қолдана отырып, макаронды кептіру процесінде «температура мен кептіру ұзақтығы» басым факторлар болып табылатындығы анықталды. Алынған нәтижелер «ылғалдылық» сапа көрсеткіші бойынша МЕМСТ 31743-2017 талаптарына сәйкес келеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Каримова, Г., Ниязбекова, Р., & Даниярова, Ж. (2023). Сапа көрсеткіштерін анықтайтын стандарттау құралдары. Eurasian Journal of Applied Engineering and Technology (EJAET), 145(4), 111–123. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-145-4-111-123

Журналдың саны

Бөлім

Мақала