Бұйымдарды жобалау кезіндегі сапаны басқару әдістерін талдау


Қаралымдар: 117 / PDF жүктеулері: 44

Авторлар

  • А.С. Мадиярова Ш. Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университеті https://orcid.org/0000-0002-2236-4038
  • А.З. Букаева Ш. Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университеті https://orcid.org/0000-0003-0956-1552
  • Н.Б. Суйеуова Ш. Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университеті https://orcid.org/0000-0003-3596-8831
  • М.М. Чажабаева Каспийский университет технологий и инжиниринга им.Ш.Есенова
  • Г.С. Билашова Ш. Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2024-147-2-123-136

Кілт сөздер:

сапа менеджменті, техникалық сипаттамалары, параметрлері, бұйымнің бәсекеге қабілеттілігі, бұйымды жобалау

Аңдатпа

Қазіргі кезеңде ҚР экономикасын дамытуда бұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында машина жасау кешенді кәсіпорындары бұйымдардың техникалық сипаттамаларын қалыптастыруда көрініс табатын тапсырыс берушілердің талаптарын барынша қанағаттандыру міндеттерін шешуге ерекше назар аударады. Мақалада бұйымды жобалау кезінде сапаны басқарудың қолданыстағы әдістеріне талдау жасалды. Бұйымның бәсекеге қабілеттілігі жобалау процесінің сапасына: жобалау кезінде қойылған мақсаттардың дәлдігіне және тұтынушының осы бұйымға қоятын талаптарын қанағаттандыру тұрғысына, оларға қол жеткізу деңгейіне байланысты. Зерттеулерге сәйкес, бұйымды өндіру және пайдалану процесінде анықталған ақаулар барлық ақаулардың 70%-ын құрайды, бұл өндірісті жоспарлау, жобалау және дайындау процестерінің сапасының деңгейінің төмендігіне байланысты. Сапа параметрлері неғұрлым ертерек анықталса және тіркелсе, қажетті сапа сипаттамалары бар түпкілікті бұйымды алу үшін ресурстар, уақытша және қаржылық ресурстар азаяды. Өнімді жобалау кезеңінде сапаны басқару әдістерін талдау бөлігінде жүргізілген зерттеулер келесі артықшылықтарға ие сапа функциясын орналастыру (СФО) әдісін анықтауға мүмкіндік берді: ақаулық шығындарын азайту, тұтынушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру арқылы нарықты қамтамасыз ету немесе кеңейту арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру. Әдістің кемшіліктеріне аралық және қорытынды сараптамалық шешімдерді қабылдаудың реттелмеген тәртібі жатады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мадиярова, А., Букаева, А., Суйеуова, Н., Чажабаева, М., & Билашова, Г. (2024). Бұйымдарды жобалау кезіндегі сапаны басқару әдістерін талдау. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 147(2), 123–136. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2024-147-2-123-136

Журналдың саны

Бөлім

Мақала

Категориялар