DDS және CFA технологиялары бойынша жасалған бұрғыланып толтырылған модельдік микро қадалардың жүк көтергіштігін салыстыру


Қаралымдар: 158 / PDF жүктеулері: 101

Авторлар

  • А.Б. Исакулов ENU Gumilyev
  • А.Ж. Жусупбеков
  • Д.В. Чанг
  • A. Омаров
  • Д. Муханов
  • A. Есентаев

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-145-4-165-174

Кілт сөздер:

масштабталған модельді қада, модельді сынақ, көтергіш қабілеті, статикалық жүктемелік сынақ

Аңдатпа

CFA (үздіксіз әрекет ететін шнек) және DDS (бұрғылау орнын ығыстыру жүйесі)
технологияларын пайдалана отырып жасалған бұрғыланып толтырылған қадалары соңғы 15 жылда
Қазақстан нарығында салыстырмалы түрде жаңа құрылыс өнімдері болып табылады. Дегенмен
бүгінгі таңда аталған технологиялар Астана, Алматы қалаларында және басқа өңірлерді ғимараттар
салу кезінде айтарлықтай практикалық құндылыққа ие. Бұл мақалада көлемді стендте Drilled
Displacement system (DDS) және Continuous Flight Auger (CFA) технологияларын қолдана отырып
жасалған бұрғыланып толтырылған қадаларының модельдік сынақтары ұсынылған. Тестілеу үшін біз
1:20 масштабты қолдандық, қадалардың диаметрі 20 мм, ұзындығы 300 мм. Бұрғылау 3D принтердің
көмегімен алдын-ала дайындалған шнектермен жүргізілді. Модельдік қадаларға жүктеме 39 N
қадаммен 391 N шекті жүктемеге дейін қолданылды. Зерттеу нәтижелері бойынша DDS және CFA
модельдік қадалары үшін «шөгу-жүктеме» графиктері алынды, сондай-ақ осы қадалардың жүк
көтергіштігі статикалық сынақ әдісі бойынша салыстырылды. Зерттеу негізінде DDS қадаларының
CFA қадаларымен салыстырғанда жүк көтергіштігі жоғары екендігі анықталды. Тұтастай алғанда,
зерттеу нәтижелері DDS және CFA қадаларының өнімділігі туралы құнды ақпарат береді, оларды
әртүрлі топырақ түрлерінде жобалау мен орнатуды оңтайландыру үшін пайдалануға болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Исакулов A., Жусупбеков A., Чанг D., Омаров A., Муханов D., & Есентаев A. (2023). DDS және CFA технологиялары бойынша жасалған бұрғыланып толтырылған модельдік микро қадалардың жүк көтергіштігін салыстыру. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 145(4), 165–174. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-145-4-165-174

Журналдың саны

Бөлім

Мақала

Most read articles by the same author(s)