Бас жоспардың іске асырылуын тәжірибелік талдау (Астана қаласындағы Байтұрсынов көшесі учаскесінің мысалында)
Қаралымдар: 128 / PDF жүктеулері: 72
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2024-146-1-85-103Кілт сөздер:
қала құрылысы, бас жоспар, егжей-тегжейлі жоспарлау, нормалар мен ережелерАңдатпа
Жұмыста авторлар жобалық құжаттар негізінде Астана қаласының қала құрылысы мәселелерін зерттеп, қала аумағына далалық зерттеу жүргізді. Құқықтық және нормативтік талаптарды сақтамау және бас жоспар мен нақты жоспардың жобалық шешімдеріндегі сәйкессіздіктер қала ішінде бірқатар проблемалар мен келеңсіздіктер тудырады. Қала құрылысы құжаттарын талдау нәтижесінде олардың сәулеттік кемшіліктері анықталып, орын алу себептері белгіленді. Сонымен қатар анықталған проблемалар өмір сүру ортасындағы әлеуметтік жайлылық деңгейін төмендетеді. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында сәулеттік сызбалық және өзгермелілік қала құрылысының бастапқы шешімдерін өңдеуге мүмкіндік береді: қабаттардың санына және тұрғын үй кешенінің конфигурациясына, учаскенің функционалдық тиесілігіне сәйкес, өз бетінше әрекет жасауға бағыттайды. Астана қаласы Байтұрсынов көшесін визуалды далалық шолу мысалында нормативтік және әлеуметтік-ұйымдастырушылық талаптардың бұзылуы анықталды. Мақалада қала құрылысы жобаларының иерархиясы – бас жоспар, нақты (егжей-тегжейлі) жоспар және Астана қаласының қала құрылысы стандарттарымен толығуы дамуының байланысы талданады. Авторлар қарастырылып отырған аумаққа толық ауқымды зерттеу жүргізіп, бұл мәселенің экономикалық құрамдас бөлігі қалалық ортаның қалыптасуына әкелетінін көрсетті.