Жол машиналары паркін оңтайландыру арқылы жолды пайдалану тиімділігін арттыру


Қаралымдар: 16 / PDF жүктеулері: 10

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-150-1-286-300

Кілт сөздер:

теміржол көлігі, рельс, жол машиналары, теміржол, жүк айналым, жол стандарттары, жолдың жоғарғы құрылымы

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан темір жолына сипаттама жасалған. Соның ішінде теміржолды жөңдеу бойынша сұрақтар қарастырылған. Қазақстан теміржолын жөңдеу жұмыстарын жасаудың тарихы олардың пайда болу сәтінен бастау алуына байланысты, мақалада теміржол саласындағы жұмыстың маңызды бағыттарының бірі арнайы жылжымалы құрамды жетілдіру болып табылатындығы сарапталған. Елдегі темір жолды жөңдейтін кәсіпорындарға және елімізде бар жөңдеу машиналарына сипаттама жасалған. Қазіргі кездегі темір жолдардың жағдайына сипаттама жасалған. Басты жолдардың жоғарғы құрылымына қойылатын талаптар қарастырылған. Жол жөңдеу машиналарына сипаттама жасалып, негізгі қандай ақаулары болуы мүмкіндігіне сипаттама жасалған. Қазіргі кездегі теміржол көлігімен жүк айналымының мөлшері келтірілген. Жыл сайын теміржол көлігімен жасалатын тасымалдың ұлғайып жатқанына көз жеткізуге болады. Қазақстандар бар кәсіпорындар бойынша түзету машиналарына сипаттама жасалып, дистанциялар бойынша саны көрсетілген. Сондай-ақ, мақалада жолаушы және жүк пойыздарының жылдамдығы мен қауіпсіздігін арттыру үшін теміржол жолдардың жағдайын жақсарту мақсатында теміржолдарды сыныптау бойынша кестелер келтірілген. Соның ішінде шақпатасты балласты немесе құмды-шақпатасты қоспадан жасалған балласты пайдаланған кезде қосқабатты балласт призманы сазды топырақтардан, ұсақ және шаңдақ топырақтардан төселген жер төсемге, соның ішінде жер төсемінің үстіңгі бөлігінің қорғаныш қабатын салған кезде жобалау шаралары көрсетілген. Жалпы Қазақстанда қолданылатын темір жолды жөңдеуге арналған жол машиналарының паркін оңтайландыру бойынша ұсыныстар жасалған. Мақалада ВПО – 3000, SMD-80, ЭЛБ-4С электр балластері, Duomatic 09-32 CSM, Unimat жол машинасына сипаттамалар беріліп,  темір жолды жөңдеу барысында көліктің кемшіліктері көрсетілген.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Карсакова, А., & Оразалина, А. (2025). Жол машиналары паркін оңтайландыру арқылы жолды пайдалану тиімділігін арттыру. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 150(1), 286–300. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-150-1-286-300

Журналдың саны

Бөлім

Мақала

Категориялар

Most read articles by the same author(s)