Қашықтықтан зондтау арқылы су тасқынының динамикалық өзгерістерін бақылау және талдау


Қаралымдар: 75 / PDF жүктеулері: 44

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-151-2-209-221

Кілт сөздер:

су тасқыны, су айнасы, Landsat 8 спутнигі, Құлсары қаласы, Earth Explorer

Аңдатпа

Қашықтықтан зондтау (ҚЗ) әдісі қазіргі таңда табиғи апаттардың, соның ішінде су тасқыны секілді күрделі жәнежылдам өзгеретін құбылыстардың динамикасын бақылауда кеңінен қолданылатын заманауи әрі тиімдітехнологиялардың бірі болып отыр. Бұл әдіс жер үстіндегі өзгерістерді әртүрлі спектралды диапазонда, кеңістіктік және уақыттық өлшемде бақылай отырып, табиғи және антропогендік факторлардың қоршаған ортағаәсерін нақты әрі кешенді түрде бағалауға мүмкіндік береді. ҚЗ деректері арқылы мамандар су тасқынының дамубарысын картаға түсіріп, апаттың әсерін болжау мен бағалау жұмыстарын жүйелі жүргізе алады. Зерттеубарысында Landsat 8 жерсерігінен алынған мультиспектралды түсірістер негізінде Құлсары қаласы аумағындағысу айдындарының динамикасы зерттелді. Аталған жерсерік арқылы алынған деректерді өңдеу нәтижесіндезерттелген аймақтағы су айнасының көлемі мен пішінінің уақыт бойынша өзгерістері талданды. Бұл өзгерістер, әсіресе көктемгі және күзгі мезгілдерде, жауын-шашын мен қардың еруіне байланысты күрт байқалады.  Қашықтықтан зондтау технологиясы – су тасқыны секілді кең ауқымды, тез өзгеретін табиғи құбылыстардыбақылау мен бағалаудың сенімді және ғылыми негізделген әдісі болып келеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Киргизбаева, Д., Нурпеисова, Т., Доненбаева, Н., Абдиров, М., & Нурпеисова, М. (2025). Қашықтықтан зондтау арқылы су тасқынының динамикалық өзгерістерін бақылау және талдау. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 151(2), 209–221. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-151-2-209-221

Журналдың саны

Бөлім

Мақала

Категориялар