Бейниттік түрлену механизмі мен бейниттік құрылымды машина жасау болаттарының термиялық беріктендіру сапасы туралы
Қаралымдар: 5 / PDF жүктеулері: 2
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-152-3-231-246Кілт сөздер:
(γ→α) түрленуі, кинетика, механизм, аустениттің ыдырауы, изотермиялық, термокинетикалық, микроструктураАңдатпа
Бейнит құрылымдарын талдаудың дәстүрлі әдістерінде бейниттік түрленудің құрылымдық ерекшеліктерін анықтауға және сандық сипаттауға мүмкіндік бермейтін ескірген тәсілдер қолданылған. Сондықтан соңғы жылдары бейнит құрылымы жоғары рұқсатты сканерлеуші электрондық микроскоп және кері электрондық дифракция әдісі арқылы зерттелуде. Бұл әдістер бейниттің әртүрлі микроструктуралық түрлерін жоғары дәлдікпен сипаттауға мүмкіндік береді. Бейниттік түрлену бірнеше мәрте зерттелгеніне қарамастан, оның механизмі әлі күнге дейін даулы болып қалуда. Даулы болып табылатын мәселелерге жақтарында центрленген кубтық тордың көлемді-орталықтандырылған куб торына айналу механизмі, көміртектің қайта бөлінуіне және көміртегімен қаныққан ферриттің пайда болуына алып келетін көміртегі диффузиясының рөлі, сондай-ақ карбидтердің бөліну процестері жатады. Бейнит құрылымы механикалық қасиеттердің сапалық көрсеткіштерін – беріктік, пластикалық қасиеттер мен тұтқырлықты жоғары деңгейде қамтамасыз етеді. Перлитпен, сорбитпен және трооститпен салыстырғанда төменгі бейнит қаттылығы мен беріктігі жоғары бола отырып, пластикалық қасиеттері мен тұтқырлығы да жоғары деңгейде сақталады. Бұл ферриттегі көміртек мөлшерінің жоғары болуымен, бейниттегі дислокация тығыздығының артқандығымен, сондай-ақ дисперстік карбидтердің түзілуімен түсіндіріледі.