Форсирленген дизельді қозғалтқыштардың өнімділігін майлау жүйесіндегі май көлемін басқаруды жақсарту арқылы арттыру
Қаралымдар: 40 / PDF жүктеулері: 18
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-153-4-214-234Кілт сөздер:
көлік кәсіпорындары, күрделі жөндеу, техникалық қызмет көрсету, қосалқы бөлшектер, конструктивтік параметрлер, апатсыз пайдалануАңдатпа
Бұл ғылыми-зерттеу жұмысының өзектілігі автомобильдердегі форсирленген қозғалтқыштарды пайдалану тиімділігін арттыру және оларды жөндеуге кететін ағымдағы шығындарды азайту үшін қосымша мүмкіндіктерді іздеу қажеттілігімен негізделеді. Зерттеу мақсаты —
қозғалтқыштағы май деңгейінің майдың ескіру процестеріне және
дизельді қозғалтқыштың техникалық жай-күйінің өзгеруіне әсер етуінің жалпы принциптері мен заңдылықтарын бағалау. Зерттеу барысында автомобиль қозғалтқышын пайдалану кезінде мотор майы параметрлерінің өзгеру сипатына эксперименттік бағалау жүргізілді. Алынған нәтижелер әр 2000 км сайын май құюды қарастыратын, қазіргі уақытта қабылданған автомобиль дизельді қозғалтқышының картеріне май құю жиілігін қайта қарау қажеттілігін көрсетеді. Себебі, бұл жағдайда қозғалтқышты пайдалануға кететін меншікті шығындар жоғары болғандықтан, экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Нәтижелердің
практикалық маңыздылығы оларды автокөлік техникасына қызмет
көрсету кезінде, сондай-ақ күрделі жөндеу немесе дизельді қозғалтқыштарды форсирлеу қажет болған жағдайда, майлау жүйесіндегі май көлемін өзгерту мүмкіндігінде жатыр.






