Журнал атауының өзгеруі
Журнал ребрендинг рәсімінен өтті. Жаңарту аясында оның бұрынғы «ЕҰУ хабаршысы. Серия: техникалық ғылымдар және технологиялар» атауы Eurasian Journal of Applied Engineering and Technology (EJAET) болып өзгертілді.
Әдебиеттерге сілтемелер мәтінде алғаш рет келтірілу реті бойынша нөмірленуі тиіс (кестелердегі дәйексөздер мен олардың атауларын қоса алғанда) және қолжазбаның соңында жеке тізім түрінде берілуі қажет. Мүмкін болған жағдайда барлық сілтемелер үшін объектінің сандық идентификаторы (DOI) көрсетілуі тиіс.
Мәтінде сілтеме нөмірлері тік жақшада [ ] берілуі және тыныс белгілерінің алдында орналастырылуы тиіс, мысалы: [1], [1-3] немесе [1,3].
Әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгілері (ГОСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар және құрастыру ережелері» стандарты бойынша):
1. Мақалаларды рәсімдеу:
Автор 1, Автор 2, Мақала атауы. Журнал атауы, жыл, том, беттер аралығы.
Кітаптарды рәсімдеу:
а) Автор 1, Автор 2, Б. Кітап атауы (басылым нөмірі, ISSN), Баспагер: Баспагердің орналасқан жері, ел, басылған жыл; Том №, 154–196 бб.
Конференция материалдарын рәсімдеу:
б) Автор 1, Автор 2, Автор 3, Баяндама атауы. Конференция материалдарында конференция атауын, өткізу орнын, елін, конференция күнін (күні, айы, жылы) көрсетіңіз.
Диссертацияларға сілтеме рәсімдеу:
в) Автор 1, Автор 2, Автор 3, Диссертация атауы. Диссертация деңгейі, ғылыми дәреже беретін университет, университеттің орналасқан жері, аяқталған күні.
Интернет-дереккөздерді рәсімдеу:
г) Веб-сайт атауы. Онлайн қолжетімді: URL (қаралған күні – күні, айы, жылы).
Жасанды интеллектті ғылыми мақалаларда қолдану ережелері
Редакция алқасы 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрыққа (2025 жылғы 6 қаңтардағы №4 бұйрықпен енгізілген өзгерістермен) сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №1 қосымшасының 5-тармағында көзделген қағидаттарды басшылыққа ала отырып, ғылыми жарияланымдарда жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын пайдалану жөніндегі өз ұстанымын айқындайды.
Заң ғылымдарының ерекшеліктерін және академиялық адалдық қағидаттарын ескере отырып, Редакция жауапты, этикалық және ашық ЖИ технологияларын пайдалану саясатын ұстанады.
Редакция ЖИ технологияларын тек көмекші мақсаттарда қолдануға рұқсат береді және төмендегі талаптардың қатаң сақталуын талап етеді:
Дереккөзге сілтеме үлгісі:
OpenAI (2023) ChatGPT (генеративті жасанды интеллект интерфейсі). Қолжетімді: https://chat.openai.com/chat (Қаралған күні: 2025 жылғы 1 маусым).
Редакция келесі жағдайларда ЖИ технологияларын пайдалануға тыйым салады:
Редакция ЖИ технологияларын пайдалану ашық, шектеулі және академиялық этика қағидаттарына сәйкес болуы тиіс екенін атап өтеді. Бұл ереже авторлық еңбектің сақталуын және жарияланымның ғылыми сенімділігін қамтамасыз етеді.
Web of Science
Журнал ребрендинг рәсімінен өтті. Жаңарту аясында оның бұрынғы «ЕҰУ хабаршысы. Серия: техникалық ғылымдар және технологиялар» атауы Eurasian Journal of Applied Engineering and Technology (EJAET) болып өзгертілді.