Аустениттік 110г13л болаттан жасалған тетіктерді механикалық өңдеу мәселелері


Қаралымдар: 13 / PDF жүктеулері: 10

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-153-4-247-256

Кілт сөздер:

Өңделуі қиын материал, Гадфильд (110Г13Л) болаты, тозу, сыну, қаттылық, кедір-бұдырлық, фрезерлеудің оңтайлы режимдері, өзіндік құны

Аңдатпа

Бұл мақалада 110Г13Л болатты өңдеу бойынша жүргізілген ғылыми зерттеулерге талдау жасалды. 110Г13Л болатын механикалық
өңдеу әдістерін зерттеу мен әзірлеуге арналған ғылыми еңбектердің іс жүзінде жоқ екені анықталды. Өндірісте 110Г13Л болатты өңдеу кезінде негізінен шетелдік өндірушілердің тілімдері қолданылады. Осыған қарамастан, кесетін құралдың тез тозуына, жарықшақтануына және сынуына байланысты шамадан тыс тұтыну мәселесі сақталады және 110Г13Л болаттан бөлшектерді өндіру құнын арттырады. Эксперименттік зерттеулердің нәтижелері импульсті салқындатылған термиялық үйкелісті жонғылауды қолдану арқылы Гадфилд болатын жақсы кесуге болатынын көрсетті. Оңтайлы кесу режимдерінде өңдеу кезінде өңделген беттің кедір-бұдырлығына тек Rz ≤ 10 мкм дейін қол жеткізілді. Дегенмен, өңдеу кезінде өңделген беттің сапасын қамтамасыз етуге және жоңқаларды ұсақтауға байланысты мәселе бар екені
анықталды. Кесу механизмі термофрикциялық үйкелісті және дәстүрлі кесуге негізделген, қиын өңделуші материалдарды жонғылаудың құрамалы әдісін әзірлеу ұсынылады. Осы зерттеу Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті тарапынан № AP26199283 « Қиын өңделетін материалдарды өңдеудің аралас тәсілін әзірлеу» гранты аясында қаржыландырылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-22

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мұсаев, М. ., Шеров, К. ., Абдуғалиева, Г. ., Толғанай, Ж. ., & Таттимбек, Г. (2025). Аустениттік 110г13л болаттан жасалған тетіктерді механикалық өңдеу мәселелері. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 153(4), 247–256. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-153-4-247-256

Журналдың саны

Бөлім

Мақала

Категориялар

Most read articles by the same author(s)

1 2 > >>