Металл кесуші құралдың тозуға төзімділігі және кесу кезінде қайталама жанасушы құрылымдардың түзілуі
Қаралымдар: 113 / PDF жүктеулері: 146
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2022-141-4-87-97Кілт сөздер:
төзімділік кезеңі, кескіш құралдың тозуға төзімділігі, алдын-ала ысқылап қалыптастыру әдісі, қайталама байланыс құрылымы, құрылымдық бейімделу, орналасу тығыздығыАңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын зерттеу нәтижелері келтірілген (№AP14972884 «Ысқылап қалыптастыру әдісімен металл кескіш құралдардың тозуға төзімділігін арттыру» гранты). Қазақстан Республикасының (ҚР) машина жасау кәсіпорындары жағдайында металл кесуші құралдардың тозу мәселесінің жай-күйі зерттелді. Металл кесетін құралдар әрдайым нормативтерге сәйкес төзімділік кезеңін сақтай бермейтіні және кесу жиектерінің мерзімінен бұрын тозуына, сынуына және жырашық пайда болуына ұшырайтыны анықталды. Сондай-ақ, металл кесуші құралдардың тозуға төзімділігіне әсер ететін факторлар және оларды арттырудың бар тәсілдері зерттелді. Отандық машина жасау кәсіпорындары жағдайында металл кесуші құралдардың тозуға төзімділігі мен төзімділігін арттыру үшін металл кесуші құралдарды алдын ала ысқылап қалыптастыру әдісі ұсынылады. Бұрын орындалған жұмыстарды талдау нәтижелері бойынша құралдың жұмыс беттерінде қайталама құрылымдардың қалыптасуы зерттелді, бұл іргелі заңдылық көріністерінің бірі – құрылымдық бейімделу.