Дизель қозғалтқыштарының негізгі көрсеткіштеріне аралас отынның әсерін экологиялық бағалау


Қаралымдар: 103 / PDF жүктеулері: 99

Авторлар

  • А.А. Каражанов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ж.Р. Алипбаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • У.Ш. Кокаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А.Б. Забиева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • С.О. Торебекова Жоғары көлік және коммуникация колледжі

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-142-1-89-97

Кілт сөздер:

статистикалық сынақ әдісі, факторлық дисперсия, түтін, азот оксиді

Аңдатпа

Мақалада альтернативті жанармайлардың қолданыстағы түрлеріне жан - жақты талдаулар жүргізіліп, оның ішінде химиялық – физикалық қасиеттеріне терең зерттеулер жасалды. Зерттеу нәтежиесінің қорытындысы бойынша диметил эфирі таңдалынды. Диметил спиртінің белгілі бір мөлшерін дизель жанармайымен араластырып және пайда болған қоспаны пайдаланған кезде қозғалтқыш жұмысын бағалау үшін сызықтық регрессия талдау әдісі қолданылды. Сызықтық регрессия коэффициенттерінің мәндерін табу  техникалық есептеу мәселелерін шешуге арналған қолданбалы бағдарламалар пакетінің (MATLAB) көмегімен жүргізілді. Зерттеулер нәтежиесі диметил эфирінің үштен бір бөлігін дизель отынына қосу дизельді қозғалтқыштардан шығатын қалдық газдардың көрсеткіштерін төмендету үшін ең тиімді қоспаның үлесі екенін көрсетті. Қалдық газдар көрсеткіштерінің төмендеуі экологиялық көрсеткішткердің жақсаруына алып келеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Каражанов, А., Алипбаев, Ж., Кокаев, У., Забиева, А., & Торебекова, С. (2023). Дизель қозғалтқыштарының негізгі көрсеткіштеріне аралас отынның әсерін экологиялық бағалау. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 142(1), 89–97. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-142-1-89-97

Журналдың саны

Бөлім

Мақала

Most read articles by the same author(s)