Төмен көміртекті болаттың қирауының даму кезеңін тәжірибелік зерттеу және сандық үлгілеу


Қаралымдар: 108 / PDF жүктеулері: 92

Авторлар

  • Б.С. Доненбаев Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
  • С.Ш. Магавин Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • К.Т. Шеров Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • А.К. Ракишев Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
  • М.М. Мусаев Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-144-3-134-142

Кілт сөздер:

кернеу, деформация, қирау, бірөстік созу, төмен көміртекті болат, илемділік, үлгілеу

Аңдатпа

Бұл жұмыста төмен көміртекті болатты қирауға дейін бір осьтік созудың тәжірибелік және сандық зерттеулері ұсынылады. Толық қираумен созуға сынау МИ40 үзу машинасында жүргізіді. Бұл машина үлгілерді созып сынауға мүмкіндік береді және күштің ұзаруға тәуелді қисығын көрсетеді. Төмен көміртекті болаттан жасалған цилиндрлік үлгілер ISO 6892–1:2019 стандартына сәйкес дайындалған және II типке сәйкес келеді. Сынақтарды бағалау үшін күштің ұзаруға тәуелді орташаланып алынған қисықтары кернеудің деформацияға қатысты инженерлік қисықтарына түрлендірілді. Кернеудің деформацияға қатысты инженерлік қисықтары шынайыға (ақиқат) келтірілді. Шынайы диаграммадағы үшінші кезеңі, демек моыншаның даму бөлігі сызықтық деп қабылданды. Сандық зерттеулер созылудың шынайы диаграммасы бойынша жүргізілді. Сандық зерттеулерде созылудың барлық үш кезеңі де үлгіленді. Бірінші кезең сызықты және Юнг модулі мен Пуассон коэффициенті арқылы берілді. Толық шынайы деформациядан илемді деформация ажыратылды және деформацияның екінші сатысында қолданылды. Үшінші кезең келесі параметрлер бойынша модельденді: бұзылу дәрежесінің орын ауыстыруға тәуелділігі, қирау деформациясы, кернеудің үш өстілігі және деформация жылдамдығы. Тәжірибелік және сандық зерттеулер нәтижесінде кернеудің деформацияға тәуелділігінің салыстырмалы графиктері алынды.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Доненбаев, Б., Магавин, С., Шеров, К., Ракишев, А., & Мусаев, М. (2023). Төмен көміртекті болаттың қирауының даму кезеңін тәжірибелік зерттеу және сандық үлгілеу. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 144(3), 134–142. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-144-3-134-142

Журналдың саны

Бөлім

Мақала

Most read articles by the same author(s)