Қалалық жолаушылар көлігінің жұмыс тиімділігіне жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары сапасының әсерін зерттеу
Қаралымдар: 119 / PDF жүктеулері: 77
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-145-4-124-134Кілт сөздер:
қалалық жолаушылар көлігі, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары, артқы көпір, күпшек, бугель, тозуға төзімділікАңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан Республикасының халқы тығыз орналасқан қалалары, атап айтқанда Астана және Қарағанды қалаларының жағдайларында қалалық жолаушылар көлігінің (ҚЖК) жұмысын зерттеу нәтижелері келтіріледі. Сондай-ақ, автобус парктерінің (АП) жөндеу, қалпына келтіру өндірісінің жай-күйі және оның ҚЖК жұмысын ұйымдастыру сапасы мен тиімділігіне әсері де зерттелген. Зерттеу нәтижесінде циклдік сипаттағы ақаулардың бірі автобустардың жүріс бөлігінің артқы көпірінің күпшек тетігінің бугелдерінің тез тозуы екендігі анықталды, атап айтқанда осы мәселе жылжымалы құрамның үлкен үлесін құрайтын IVECO маркалы автобустарда көп кездесетіні мәлім болды. Жүріс бөлігі түйінінің дұрыс жұмыс жасамауы техникалық дайындық деңгейіне және жылжымалы құрам желісінің шығу коэффициентіне, сондай-ақ жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейіне теріс әсер ететіні анықталды. АП жағдайында IVECO маркалы автобустардың жүріс бөлігінің артқы көпір күпшегінің тозған бөлшектерін жөндеу және қалпына келтіру технологиясы зерттелді.
Нәтижеде АП жағдайында қолданылатын күпшек тетігінің бугелдерін қайта қалпына келтіру технологиясы жетілдірілмегендігі және қойылған талаптарға сай емес екендігі айқындалды. Бұл мәселені шешу үшін қалпына келтірілген беттердің жоғары қаттылығы мен тозуға төзімділігін толығымен қамтамасыз ете алатын, күпшек бугелдерін жөндеу және қайта қалпына келтірудің жаңа технологиясын әзірлеу қажет.