Сатылы тесікті кеңейтежону кезінде кесу режимдерінің беттің кедір бұдырлығына әсерін эксперименттік зерттеу


Қаралымдар: 90 / PDF жүктеулері: 68

Авторлар

  • К.Т. Шеров С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Н.Ж. Карсакова А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
  • Б.С. Доненбаев А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
  • С.О. Тусупова Торайгыров университеті
  • К. Имашева А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
  • А.Б. Есиркепова А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-145-4-265-274

Кілт сөздер:

Ірігабаритті тетіктер, сатылы тесік, құрамалы кеңейтежону құралы, бір уақытта кеңейтежону, кедір-бұдырлық, беріліс

Аңдатпа

Бұл мақалада НП8 суасты сорғысының станина тетігінің үлкен өлшемді сатылы тесіктерін өңдеу сапасын қамтамасыз ету үшін жасалған зерттеу нәтижелері келтірілген. Арнайы құрамалы кеңейтежону құралының конструкциясы әзірленді және тәжірибелік үлгісі жасалды. Сондай – ақ, эксперименттік зерттеулер жүргізу үшін СЧ15-тен үлгі дайындама жасалды.

Эксперименттік зерттеулер «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің» КеАҚ «Машина жасау» жұмысшы кәсіптер орталығы» зертханалық базасы жағдайында 1К625 токарлық-бұрандалы кескіш станогында жүргізілді.

Кесу режимдерінің өңделген беттің кедір-бұдырлығына әсерін эксперименттік зерттеу нәтижесінде сатылы тесіктерді кеңейтежону кезінде шпиндельдің айналу жиілігі мен өңделген беттің кесу тереңдігінің мәні жоғарылаған сайын өңделген беттің сапасы жақсаратыны анықталды. Ал беріліс мәнінің артуы өңделген беттің кедір-бұдырлығына теріс әсер етеді. НП8 суасты сорғысының станина тетігінің өлшемдері ∅295 мм және ∅325 мм сатылы тесіктерін өңдеу үшін оңтайлы кесу режимдері анықталды: S=0,26 мм/айн; n= 1250 айн/мин; t=1,0 мм.

Экспериментті жоспарлау және алынған деректерді "ANETR-5" бағдарламасы арқылы бағалау нәтижесінде беттің кедір-бұдырлығының кесу режимдеріне тәуелділігін сипаттаушы теңдеу алынды, бұл өңдеуге дейінгі сапа параметрлерін басқаруға және тетіктің жоғары сапа параметрлерін қамтамасыз ететін оңтайлы кесу режимдерін анықтауға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шеров, К., Карсакова, Н., Доненбаев, Б., Тусупова, С., Имашева, К., & Есиркепова, . А. (2023). Сатылы тесікті кеңейтежону кезінде кесу режимдерінің беттің кедір бұдырлығына әсерін эксперименттік зерттеу. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 145(4), 265–274. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-145-4-265-274

Журналдың саны

Бөлім

Мақала

Most read articles by the same author(s)