Тарихи уақыт контекстіндегі мұражай кешендерінің сәулеті
Қаралымдар: 166 / PDF жүктеулері: 91
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2024-147-2-48-60Кілт сөздер:
қасбет, сәулет элементтері, декор, сәулет шешімдері, мұражай кешендеріАңдатпа
Мұражай ғимараттарының архитектурасына арналған зерттеу аясында, қасбеттерді қалыптастыру әдістері - олардың аймақтық ерекшеліктері мен географиялық орналасуын ескере отырып талданады. Авторлар қазіргі жағдайда мұражай кешендерін жобалау - туристерді тартуға әсер ететін экономиканың негізгі факторына айналатынын, бұл өз кезегінде аймақтың дамуына ықпал ететінін атап көрсетеді. Мақалада Рим, Ватикан, Нью-Йорк, Бильбао, Марсель, Гиза қалаларының мысалында мұражай кешендерін қалалық кеңістіктегі тарихи құрылысқа біріктіру мәселесіне ерекше назар аударылады. Мұражайлар архитектурасының көлемдік-кеңістіктік шешіміне әсер ететін сипаттамалары егжей-тегжейлі келтірілген. Әр түрлі мұражай кешендерін талдау арқылы архитектуралық шешімдердегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар анықталады, сонымен қатар бұл шешімдердің келушілерге әсері зерттеледі. Сондай-ақ, мұражай кеңістігінің бірегей және тартымды ортасын құрудағы архитектураның рөлін түсіну үшін, сондай-ақ келушілердің заманауи талаптары мен үміттерін ескере отырып, мұражай инфрақұрылымын одан әрі дамыту стратегияларын әзірлеу үшін жүргізілген зерттеудің маңыздылығы атап өтіледі. Қасбеттерді безендіруге инновациялық тәсілдің маңыздылығы атап өтіледі, бұл мұражай кешендеріне ерекше көрініс беріп қана қоймай, сонымен қатар объектіні оң қабылдауды қалыптастыруға белсенді әсер етеді.