Ауыл шаруашылығы машиналарының бөлшектерін жөндеуде аддитивті технология әдістерін қолдану мүмкіндігін зерттеу
Қаралымдар: 185 / PDF жүктеулері: 93
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2024-148-3-241-252Кілт сөздер:
аддитивті технологиялар, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары, ауылшаруашылық техникасы, тозу, 3D басып шығару, 3D моделі, басып шығару қабатының қалыңдығыАңдатпа
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы техникасын тұрақты жұмыс жағдайында ұстау өзекті міндет болып табылады. ҚР АӨК кәсіпорындары жағдайындағы проблемалардың жай-күйін зерделеу бойынша жүргізілген зерттеулер ауыл шаруашылығы техникасының жұмысын сапалы ұйымдастыруға орталықтандырылған жөндеу-қалпына келтіру базалары мен өндірістердің болмауы теріс әсер ететінін көрсетті. Осыған байланысты жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы машиналары мен техникаларына техникалық қызмет көрсетуді уақтылы және сапалы орындау мүмкін емес.
Бұл мәселені шешу үшін ауылшаруашылық техникасы мен машиналарының бөлшектерін жөндеу және дайындау кезінде АӨ технологияларын қолдану ұсынылады. Осы мақсатта аддитивті технологияның қолданыстағы әдістері зерттелді. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасының зертханалық жағдайында Stratasys F170 3D принтерінің көмегімен «білік-тістегеріш» бөлшегін жасау бойынша эксперименттік зерттеу жүргізілді. Нәтижелер 3D басып шығару уақыты модель өлшемдеріне ғана емес, сонымен қатар толтыру тығыздығы мен пішініне және басып шығару қабатының қалыңдығына тікелей байланысты екенін көрсетті.
Қабаттың қалыңдығының артуы 3D басып шығару процесіне екі есе әсер ететіні анықталды басып шығару уақытының қысқаруына оң әсер етеді, бірақ басып шығарылған үлгінің қаттылығына теріс әсер етеді.