Автомобильдің шарлы тірегікнің жұмысының проблемалары мен шешімдері


Қаралымдар: 14 / PDF жүктеулері: 16

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-153-4-22-34

Кілт сөздер:

Автокөлік аспасы, шарлы тірек, үйкеліс, серіппе, композитті материалдар

Аңдатпа

Мақалада шарлы тірек ақаулығының белгілері көрсетілген. Автокөліктің жүруі кезінде бұл элемент жол бетінің кез-келген әсерін көтереді, яғни пайдалану жағдайында ол үлкен жүктемелерге ұшырайды. Авторлар кері-айналмалы қозғалысқа арналған инновациялық жөндеу жинағы арқылы шарлы тіректің қызмет ету мерзімін арттыруды ұсынады. Бұл жұмыста тұрақтандыру, тозудың режимі мен біркелкілігінің нәтижесі көрсетілген. Біліктің немесе сыртқы сақинаның кері-айналмалы қозғалысы кезінде серіппелі төсемнің бұралуы арқылы қол жеткізіледі, сәйкесінше серіппелі төсемнің ішкі немесе сыртқы бетінде тежеу пайда болады да (храповик эффектісі), серіппені орау бағытына байланысты тек бір бағытта мәжбүрлі түрде бұрылады. Жұмыс барысында үйкелетін жанасу беттері өзгеріп отырады, бұл олардың тозуының төмендеуіне әсер етеді. Осы шарттар сақталу үшін, осы шарттар орындалуы мүмкін айналмалы қозғалысқа арналған сырғанау
мойынтіректерінің дизайны ұсынылды. Осы мақсатта мойынтірек
бұрандалы цилиндрлік серіппе (аралық элемент) түріндегі жылжымалы төсеммен жабдықталған, ол тербелмелі режимде тек бір бағытқа мәжбүрлі түрде айналады және осылайша тозудың біркелкілігін қамтамасыз етеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-22

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кушалиев, Д., Қалшора, Е. ., & Тойлыбаев, А. (2025). Автомобильдің шарлы тірегікнің жұмысының проблемалары мен шешімдері. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 153(4), 22–34. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-153-4-22-34

Журналдың саны

Бөлім

Мақала

Категориялар

Most read articles by the same author(s)