Іштен жану қозғалтқышының цилиндріндегі компрессиялық поршендік сақиналарының қысымының таралуын салыстырмалы талдау
Қаралымдар: 22 / PDF жүктеулері: 17
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-153-4-111-123Кілт сөздер:
іштен жанатын қозғалтқыш, компрессиялық поршеньдік сақиналар, жарты сақиналар, қысым эпюрасы, меншікті қысымАңдатпа
Мақалада іштен жанатын қозғалтқыштың цилиндр қабырғасына түсетін меншікті қысымның дәстүрлі компрессиялық поршеньдік сақина және екі жартысақинадан тұратын балама конструкция арқылы қалыптасуын салыстырмалы талдау ұсынылған. Зерттеудің негізгі бағыты — поршеньдік сақина мен цилиндр
қабырғасы арасындағы жанасу қысымының қалыптасу және таралу теориялық аспектілерін талдау. Цилиндрге орнату кезіндегі сақинаның кернеулі-деформациялық күйін сипаттайтын математикалық модельдер келтірілген, сондай-ақ материал серпімділігін есепке алмай екі жартысақинаның қысымын есептеуге арналған жеңілдетілген тәсіл ұсынылған. Есептеулер нәтижесінде тұтас сақинада қысым
эпюрасының біркелкі еместігі, яғни кейбір аймақтарда пиковое мәндердің болуы анықталды, бұл цилиндр-поршень тобы элементтерінің жылдам тозуына ықпал етуі мүмкін. Ал екі жартысақиналы конструкция үшін қысым біркелкі таралып, цилиндр қабырғасына тұрақты жүктеме түсіретіні байқалды. Бұл өз кезегінде жергілікті артық күштерді, үйкеліс пен жылулық деформацияны азайтады. Фурье қатары бойынша аппроксимация және графикалық тәуелділіктер модельдің нақты пайдалану жағдайларымен жақсы үйлесетінін көрсетеді. Сондай-ақ, жану камерасының герметикалығын арттырып, қозғалтқыштың қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін сақиналардың материалы мен геометриялық параметрлерін таңдауға қатысты ұсыныстар берілген. Екі жартысақинадан тұратын конструкцияны қолдану ІЖҚ
поршеньдік сақиналарын жетілдірудің перспективалық бағыты ретінде қарастырылады. Мақаладағы материалдар инженерлерге, зерттеушілерге және ЦПГ элементтерін жобалаушыларға пайдалы бола алады.






