Карьерлік техниканың агрегаттарының жөндеу интервал уақыт аралығын оңтайландыру әдісін құру


Қаралымдар: 48 / PDF жүктеулері: 38

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-153-4-167-189

Кілт сөздер:

жөндеу интервалы, сенімділік, мотосағат, рульдік цилиндр, жоспарлы жөндеу, карьерлік техника

Аңдатпа

Бұл мақалада KazMinerals Бозшакол кен өндірісі кәсіпорнының карьерлік техникасының, атап айтқанда CAT 16M және 16M3 модельді автогрейдерлерінің рульдік цилиндрлері мысалында агрегаттардың жөндеу уақыт аралығын оңтайландыру әдістемесі ұсынылады. Зерттеу барысында 2018–2025 жылдар аралығындағы жоспарлы және жоспардан тыс жөндеулер бойынша нақты өндірістік статистикалық деректерге талдау жүргізілді. Агрегаттардың істен шығу себептері мен жұмыс ресурсы MTBF (істен шығулар арасындағы орташа уақыт) және MTBS (жоспарлы жөндеулер арасындағы уақыт) көрсеткіштері арқылы сандық
тұрғыдан бағаланды. Есептеулер нәтижесінде 7000 және 12000
мотосағатты құрайтын екі оңтайлы жөндеу уақыт интервалы анықталды. Бұл аралықтар техниканың нақты жұмыс режиміне бейімделіп, жоспардан тыс ақаулардың алдын алуға және техникалық қызмет көрсету стратегиясын оңтайлы және икемді етуге бағытталған. Бұл әдіс нақты жұмыс жағдайларын ескеріп, жөндеу аралықтарын икемді жоспарлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоспардан тыс істен шығулардың алдын алып, техниканың толық ресурсын тиімді
пайдалануға жағдай жасайды. Ұсынылған тәсіл жөндеу стратегиясын жетілдіру арқылы өндірістің тұрақтылығын арттыруға, қосымша шығындарды азайтуға және техникалық қызмет көрсету үдерісін оңтайландыруға ықпал етеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-22

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кадыров, А., Кукешева, А., Дәрібжан, М., Бақытов, Е., & Карсакова, А. (2025). Карьерлік техниканың агрегаттарының жөндеу интервал уақыт аралығын оңтайландыру әдісін құру. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 153(4), 167–189. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-153-4-167-189

Журналдың саны

Бөлім

Мақала

Категориялар

Most read articles by the same author(s)