Экскаватор шөмішінің тістеріне түсетін жүктемені зерттеу


Қаралымдар: 13 / PDF жүктеулері: 11

Авторлар

  • К.Г. Балабекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А.Б. Забиева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А.М. Арпабекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • О. Абдирашев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0001-7621-5444

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-153-4-235-246

Кілт сөздер:

экскаватор, шөміш, экскаватор тістері, жүктеме, қазу ені, SolidWorks

Аңдатпа

Мақалада экскаватор шөмішінің ұзын және қысқа тістерінің жұмыс тиімділігіне әсері қарастырылған. Патенттік шешімдерді талдау және SolidWorks Simulation бағдарламасында сандық модельдеу негізінде зерттелді. Зерттеудің өзектілігі әртүрлі топырақ түрлеріне бейімделген тіс ұзындығын дұрыс таңдаудың маңыздылығымен байланысты екенін көрсетті.
Зерттеудің мақсаты – ұзын және қысқа тістердің беріктік сипаттамаларын, кернеу-деформация күйін және топыраққа ену қарсылығын салыстырмалы түрде бағалау болып табылады.
Әдістеме ретінде қазуға қарсы кедергі күшін есептеуді, АҚШ, Еуропа, Қытай және Ресей патенттерін талдауды, 3D-модельдер құруды және SolidWorks бағдарламасында статикалық модельдеуді қамтыды. Сонымен қатар, есептеу жұмыстары жүргізілді.
Негізгі нәтижелер көрсеткендей, ұзын тістер тығыз топырақтарға ену қабілетін арттырып, шөміште туындайтын шыңдық жүктемелерді азайтады, бірақ олардың түбінде кернеулер жоғары болады. Қысқа тістер кернеудің бірқалыпты таралуын қамтамасыз етеді және орташа немесе жұмсақ топырақта ұзақ қызмет етеді. Зерттеудің өзектілігі заманауи жер қазу машиналары әмбебап шешімдерді қажет ететін ауыспалы топырақ тығыздығы жағдайында жұмыс істейтіндігімен күшейтіледі. Тістердің ұзындығын оңтайландыру энергия шығынын азайтуға, өнімділікті арттыруға және жабдық ресурсын арттыруға мүмкіндік береді. Соған байланысты ұсыныстар жасалған.

 

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-22

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Балабекова, К., Забиева, А. ., Арпабекова, А. ., & Абдирашев, О. . (2025). Экскаватор шөмішінің тістеріне түсетін жүктемені зерттеу . Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 153(4), 235–246. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-153-4-235-246

Журналдың саны

Бөлім

Мақала

Категориялар

Most read articles by the same author(s)