Доңғалақ пен рельстің өзара әрекеттесу жүйесінің ағымдағы жағдайы


Қаралымдар: 96 / PDF жүктеулері: 88

Авторлар

  • Ұ. Бақыт Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А.А. Каражанов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ж.Р. Алипбаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • С.О. Төребекова Жоғары көлік және коммуникация колледжі

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-143-2-72-78

Кілт сөздер:

тозу, доңғалақ, рельс, жота, доңғалақ жұбы

Аңдатпа

Мақалада темір жол көлігі саласында ұзақ уақыт бойы өткір болып келе жатқан негізгі және ресурсты көп қажет ететін мәселелердің бірі «доңғалақ – рельс» жүйесі арасындағы тұрақты өзара әрекеттесудің ағымдағы жағдайы қарастырылды. Доңғалақ пен рельстің арасындағы тозудың түрлері жан - жақты зерттеліп, нәтижелері график пен диаграмма арқылы көрсетілді. Нәтежелерден жолдың қисық учаскелеріндегі доңғалақтардың және рельстердің домалау бетінің қарқынды тозуы басқа тозудың түрлеріне қарағанда басым екені байқалды. Осы тозудың алдын - алу бойынша осы кезге дейін  көптеген ұсыныстар жасалған және зерттеулер жүргізілді. Бірақ жүргізілген зерттеулерге жасалған талдаулар нәтижесі доңғалақтар мен рельстердің қисық сызықтардағы қарқынды тозу мәселесі толыққанды шешілмегенңн анық көрсетті. Локомотив, вагон және жол шаруашылығындағы доңғалақ – рельс  жүйесіндегі артық тозуға байланысты материалдық ресурстардың шығындары, ең алдымен, жолдың қисық аймақтарында айтарлықтай жоғары деңгейде. Сол себепті оларды азайту бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу өзекті мәселеге айналып отыр.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бақыт, Ұ., Каражанов, А., Алипбаев, Ж., & Төребекова, С. (2023). Доңғалақ пен рельстің өзара әрекеттесу жүйесінің ағымдағы жағдайы. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 143(2), 72–78. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-143-2-72-78

Журналдың саны

Бөлім

Мақала

Most read articles by the same author(s)