Білім беру мектебінің тұрақты архитектурасын қалыптастыру принциптері (Бали аралындағы Индонезия мектебінің мысалында)


Қаралымдар: 107 / PDF жүктеулері: 74

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2024-148-3-51-67

Кілт сөздер:

тұрақтылық, мектеп ғимараты, тұрақты сәулет, табиғат, экология, сәйкестік, пермамәдениет

Аңдатпа

ХХІ ғасырда тұрақты даму тұжырымдамасы адамзаттың болашағын дамытудың іргелі негіздерінің бірі ретінде енгізілді. Тұрақтылық стратегиясы бүгінгі күнде  кеңірек түсініледі және де өмірдің барлық аспектілеріне, соның ішінде білім беру саласы енеді. Өркениеттің жаһандық қауіптері бүгінде жаһандық экономикалық, демографиялық, әскери-саяси, экологиялық және әлеуметтік-мәдени процестерді көрсетеді, өз кезегінде жас ұрпақтың әлеуметтенуі мен бейімделу мәселелерін тудырады. Алдын алу даму механизмдерін жан-жақты және кеңінен қолданбай қазіргі қалыптасқан жағдайдан шығу мүмкін емес. Әрине, осындай озық механизмдердің бірі  білім беру саласы болса, атап айтқанда, мектептердің сәулеті. Осыған байланысты білім беру ортасын құрудағы әрекет ететін және негізгі ресурсы болатын  сәулет, өз барысында, өзгеріп және сапалы жаңа деңгейге өтуді қажет етеді. Зерттеудің өзектілігі негізінен білім беру ортасының барлық процестерінің тұрақты жұмыс істеуін және  экологиялық жайлы ортаны қамтамасыз ететін, заманауи мектептерді жобалауда осындай жаңа сәулет-қала құрылысы принциптерін қолдану қажеттілігімен анықталады. Жұмыста мектептің тұрақты архитектурасын қалыптастыру тәжірибесін зерделеу мен талдау жүргізілді, ондағы Индонезияның Bali Green School кешенінің (Бали аралы) мысалында тұрақты архитектураны құрудың оң тәжірибесі ұсынылды. Ғылыми әдебиеттерді зерттеу әдістемесінде зерттеу тақырыбын толық ашу мақсатында жұмыс авторлары жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарға – экология, психология, философия, педагогика және микробиологияға жүгінеді. Нәтижесінде бес қағида ерекшеленді: сәулет пен табиғатты біріктіру принципі; архитектурадағы сәйкестік принципі; пермамәдениет принципі; білім беру кеңістігінің ашықтық принципі; экологиялық салауаттылық принципі.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-27

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тойшиева A., Садыкова, С., Жаксылыкова, Л., Саурбаева, А., & Сералин, А. (2024). Білім беру мектебінің тұрақты архитектурасын қалыптастыру принциптері (Бали аралындағы Индонезия мектебінің мысалында). Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 148(3), 51–67. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2024-148-3-51-67

Журналдың саны

Бөлім

Мақала